Nokia 5000 - Болжалды мәтін енгізу

background image

Болжалды мәтін енгізу

Болжалды мәтін енгізу алдын ала орнатылған сөздікке негізделген және ол

сөздікке жаңа сөздерді қосуға болады.
1. 2 мен 9 аралығындағы түймешіктердің көмегімен сөз жазуды бастаңыз. Бір

әріп үшін әрбір түймешікті тек бір рет басыңыз.

2. Бос орын қосу арқылы сөзді растау үшін 0 түймешігін басыңыз.

● Егер сөз дұрыс емес болса, * түймешігін қайталап басып, сөзді тізімнен

таңдаңыз.

● Егер сөзден кейін ? таңбасы көрінсе, бұл жазғыңыз келетін сөздің сөздікте

жоқ екендігін білдіреді. Сөздікке сөз қосу үшін Әріптеп пәрменін таңдаңыз.

Сөзді әдеттегі мәтін енгізу әдісімен енгізіп, Сақтау пәрменін таңдаңыз.

● Күрделі сөздерді жазу үшін сөздің бірінші бөлігін енгізіңіз және оны растау

үшін жылжу түймешігін оңға басыңыз. Сөздің соңғы бөлігін жазып, сөзді

растаңыз.

Мәтін жазу

© 2008 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

13

background image

3. Келесі сөзді жазуды бастаңыз.