Nokia 5000 - Контактілер

background image

7. Контактілер

Мәзір > Контактылар пәрменін таңдаңыз.
Аттар мен телефон нөмірлерін телефон жадында және SIM картасының жадында

сақтауға болады. Телефон жады нөмірлері және мәтіндік элементтері бар

контактілерді сақтай алады. SIM картасының жадында сақталған аттар мен

нөмірлер

арқылы көрсетіледі.

Контактілер

© 2008 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

17

background image

Контактіні қосу үшін Аттар > Опция-р > Жаңа контакт қосу пәрменін таңдаңыз.

Контактіге егжей-тегжейлі мәліметтерді қосу үшін пайдаланылатын жадтың

Телефон немесе Телефон мен SIM екендігін тексеріңіз. Аттар пәрменін

таңдаңыз, атқа жылжыңыз және Мәлім-рі > Опция-р > Мәлімет қосу пәрменін

таңдаңыз.
Контактіні іздеу үшін Аттар пәрменін таңдаңыз және контактілер тізімі арқылы

жылжыңыз немесе ізделетін аттың бастапқы әріптерін енгізіңіз.
Контактіні телефон жады мен SIM картасының жады арасында көшіру үшін

Аттар > Опция-р > Контактыны көшіру пәрменін таңдаңыз. SIM картасының

жадында әрбір ат үшін тек қана бір телефон нөмірі сақталады.
Контактілеріңіз үшін SIM картасы немесе телефон жадын таңдау үшін,

контактілердегі аттар мен нөмірлердің қалай көрсетілетінін таңдау үшін және

контактілер үшін бос және пайдаланылған жад көлемін көру үшін Параметрлер

пәрменін таңдаңыз.
Кісінің контактілік мәліметтерін деректеме кәртішкесі түрінде vCard стандартын

қолдайтын сыйысымды құрылғыдан жіберуге және алуға болады. Деректеме

кәртішкесін жіберу үшін Аттар пәрменін таңдаңыз, мәліметтерін жібергіңіз келетін

контактіні іздеңіз және Мәлім-рі > Опция-р > Визитка жіберу пәрменін таңдаңыз.